31.08.2022, 14:45
Оқылды: 65

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

5

Басылым мәліметінше, Талдықорған полициясына кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамызда түскен.

"Дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабының 3-1 бөлігі және 121-бабының 3-1 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Зорлау Тоyota Camry автокөлігінің салонында болғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Қалалық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале