8.06.2023, 9:30
Оқылды: 67

Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

f72f0791-31ec-4794-8997-c077c8a87590

Фото: Қазақпарат

Тамара Босымбекқызы 1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1988-1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді.

1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі; 1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994-1997 жылдары – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары; 1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары; 1999-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі; 2006 - 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018); «Nur Otan» париясының хатшысы (2018-2019). «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекшісі (2019-2020).

2020 жылдың мамырында Президент көмекшісі-Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале