20.07.2021, 11:02
Оқылды: 306

Таңғажайып Түркістанға сапар

БҚО жастар саясаты мәселелері  басқармасының қолдауымен  «Еліме  саяхат» жобасы аясында  облысымыздың белсенді  жастары тарихи шаһар    – Түркістанға  саяхаттады. Саяхатқа өңірімізден 35 жас қатысты.  

4F216AAF-3CEC-48F2-8936-CEF45D46D7C9

Саяхат, ең алдымен, Түркістан облысындағы тарихи, киелі орындардан бастау алды. Соның ішінде Бәйдібек ата және Қос ана кесенелеріне жол тартып, тарихымен танысты.

Одан кейін саяхатшы жастарымыз Ақмешіт үңгірінде болып, Домалақ ана кесенесіне барып, Құран бағыштаған.

БҚО «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ, облыстық және қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының еріктілері киелі Түркістанның 7 кереметін өз көздерімен көріп қайтатын болды. Өңіріміздің тыныс-тіршілігінің дамуына волонтерлік көмектерімен қолдау көрсетіп, мұқтаж жандарға жәрдемдесіп жүрген белсенді жастар «Жастар орталығына» барып, оңтүстік өңірінің жастар тәжірбиесін  де  бөлісетін  болады.

Тоқтар Фазылұлы,

«Жас  Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық  филиалының менеджері:

– «Еліме саяхат» жобасы аясында күллі түркі халықтарына ортақ, қасиетті де киелі мекен Түркістанға аяқ бастық. Жобаның мақсаты –  тарихымызбен танысу,  рухани-мәдени мұраны жастар  бойына сіңіру және Қазақстанның сакралды орындарын кеңінен тану болды. Саяхатымыздың барысы көне тарихқа толы ескерткіштер мен кешендерінде болып, киелі орындарды аралаумен басталды. Қарахан дәуірі үлгісіндегі Бәйдібек кесенесінен өрбіген саяхат Қос ана сәулетті-мемориалдық кешенінде жалғасты. Талай сырды ішіне бүккен, қатпар-қатпар тарихы бар киелі жер Ақмешіт үңгірі мен Домалақ анаға, Укаша ата мазарына, Арыстан баб кесенесіне, Ерқоян батыр мазарына, зиярат етіп, 1300 жылдық тарихы бар Тұт ағашында болдық. Саяхаттан алған әсер өте ерекше болды. Себебі тарихқа толы қазына қаламыздың өзі кейінгі заманға заманауи түрде оралғандай сезімде болдым. Өзім естіп, көрмеген қаншама тамаша жерлерді көріп, ерекше әсер алдым. Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық демекші, еліміздің тарихи жерлеріне баруға кеңес беремін. Ер түріктің бесігі рухани астанасын таныстырған @oral.tour-ға алғысым шексіз, –  дейді саяхатқа қатысушы.

Аружан Махамбетова,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале