27.07.2021, 16:18
Оқылды: 205

Тарифті өсіру керек

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев «Батыс су арнасы» ЖШС-ы басшылығымен кездесіп, Орал қаласын сумен қамту мәселелерін талқылады. Кәсіпорын сатып алған су жаңа арнайы техникалармен танысты.

батыс су (4)

Облыс басшысы айтып өткендей, шаһар халқын ауыз сумен қамтамасыз ету – әрдайым өзекті мәселе. Сондықтан ірі табиғи монополиялардың жұмысы облыстық әкімдіктің үнемі назарында. Алдымен сөз алған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің айтуынша, оралдықтарды тәулігіне 70 мың текше метр ауыз сумен қамтамасыз ету керек.

батыс (3)

Бүгінде Жайық өзені арқылы 30 мың текше метрге, ал жер асты су қоры арқылы 30 мың текше метрге жеткізген. Егер тұтынушылар саны артатын болса, су көлемін 10 мың текше метрге арттыру керек. Соңғы төрт жыл ішінде су тұтынушылар 6%-ға артқан.

батыс су (2)

– «Батыс су арнасы» ЖШС жоспарлаған шаруалардың көбі орындалуда. Бюджеттен бөлінген 230 млн теңгеге жуық қаражатқа арнайы техникалар сатып алған. Олар кәріз жүйесіндегі қалдықтарды соруға, құбырларды жууға мүмкіндік береді.

батыс (1)

Бұл ең алдымен аталмыш кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өйткені олар бұндай жұмысты бұрын қолмен атқарған. Екіншіден, кәріз жүйелерінің апатын болдырмауға қажет. Тариф не үшін керек? Ол – кіріс көзі. Тарифті сәл көтерсек, кәсіпорын жұмысын ақтап отырады. Басқа қалалармен салыстырғанда біздің өңірде тариф өте төмен. Сондықтан бұл үлкен мәселе. «Батыс су арнасының» жұмысын тек бюджеттік мекемелердің немесе бизнестің арқасында тиісті деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан тарифті көп емес, бірақ көтеруіміз керек. Суды ұрлап пайдаланатындар бар болғандықтан, су өлшегіштер қою керек, - деді облыс әкімі.

батыс су (1)

Бұл басқосуда кәсіпорын директоры Әнуар Аркенов атқарылып жатқан және жоспардағы жұмыспен таныстырды.

батыс су (3)

Толығырақ «Орал өңірі» гезетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айна Имашева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале