6.04.2024, 12:05
Оқылды: 66

Тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасуда

Өткен түнде облыс орталығы мен аудан-ауылдарда үйлерге су кіру дерегі тіркелмеген.

су орал дрон 2 (2)

Бүгінде су шайған 60 жол өткелі бақылауда болса, төрт облыстық, бір жергілікті маңызы бар жолдың бойында су толу қаупі бар. Күні бүгін облыс бойынша он ауыл көлік қатынасынсыз қалып отыр. Олар Дуана, Ақтайсай, Ақтау, Сулыкөл, Үшана, Төлен, Темірбек, Қозбаз, Аққозы, Қоржын ауылдары.
Бұл туралы БҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
- Жалпы саяжай аумағындағы 427 үйге су кірді. Дәл қазіргі Жайық өзеніндегі судың деңгейі 679 см құрап отыр. Ал ең қауіпті деңгейі 850 см құрайды. Қала маңындағы Асан ауылы маңында жағалауларды құм салынған қаптармен биіктету мақсатында 12 000 қап дайындалды. Бірқатар саяжай серіктестігіндегі тұрғындарға су тасқыны туралы хабарламалар таратылды. Шаған, Деркөл, Жайық өзендеріндегі судың деңгейі бақылауда, - деді Қ.Қарабалаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале