3.12.2020, 22:31
Оқылды: 88

Тәуелсіздік күні елордада кәсіпқой бокс кеші өтеді

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні ел астанасында кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылады.

бокс

BoxRec порталындағы ақпаратқа сенсек, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Айдос Ербосынұлы (14-0-0,9 КО), Бек Нұрмағанбет (2-0-0,1 КО), Евгений Павлов(2-0-0,2 КО), Бекзат Нұрдәулетов (1-0-0,1 КО) және Данила Семенов (1-0-0,1 КО) сынды қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады.

«SuleimenPromotions» промоутерлік компаниясы өкілінің айтуынша, бокс кеші елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткізіледі.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале