23.02.2024, 12:45
Оқылды: 73

Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет ҚР-ның ұлттық ғылым академиясында жас ғалымдар кеңесі құрылды

ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас ғылым көшбасшыларымен кездесу өткізді. 

2024-02-23 at 09.21.17

Бұл кездесу – жас дарындарды ғылыми ортаға тарту бойынша ауқымды стратегияның бөлігі. Кездесу барысында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев академияда Жас ғалымдар кеңесінің құрылғанын жариялады. Кеңестің жұмысын Президиум басқаратыны, оның мүшелеріне ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай және Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, республикадағы жас ғалымдар ұйымдарының төрағалары, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, еліміздің ЖОО мен ҒЗИ жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары, беделді, жас әрі қалыптасқан ғалымдар енетіні белгілі болды.

– Жас ғалымдар кеңесі президиумының жұмысы бөлімшелер бойынша жүргізіліп, аймақтарда өкілдіктері болады. Осылайша біз Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мәртебесін көтереміз, сәйкесінше, ол елдің жетекші жас ғалымдарын біріктіретін және өз қызметі үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие тиімді жұмыс істейтін ұйымға айналады, – деп атап өтті басқарма президенті Ақылбек Қажығұлұлы.

Сонымен бірге президиум мүшелерінің ашық дауысқа салуымен, бір ауыздан Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып Ұлттық биотехнология орталығы, «Адам генетикасы» зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, PhD, қауымдастырылған профессор Мақсат Жабағин сайланды. Ол жас ғалымдардың жаңашыл идеяларын, тың ұсыныстарын жеткізу және кеңес шешімдерін нәтижелі ету үшін академияның басшылық құрамына ресми түрде еніп, басқарма президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жас ғалымдарға өздерінің төрағасы арқылы Ұлттық ғылым академиясының негізгі шешімдерін қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Алғаш рет  отандық ғылымда жас ғалымдардың құқықтарын қорғау үшін Жас ғалымдар кеңесі президиумының мүшесі – омбудсмен лауазымы енгізілді. Бұл аса жауапты лауазымға М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің қауымдастырылған профессоры PhD, жас заңгер-ғалым Муслим Хасенов тағайындалып, оған жас ғалымдардың мәртебесін ілгерілету және нығайту миссиясы жүктелді.

Ресми түрде Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары болып Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы, қауымдастырылған профессор, PhD Шахислам Лайсханов сайланды.

Индира Бейшова,

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Сынау орталығының директоры

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале