17.12.2021, 11:00
Оқылды: 112

Телефон алаяқтары туралы

Ұлттық Банк ақша жымқыру мақсатында  азаматтардың жеке деректеріне ие болу  үшін Ұлттық Банктің қызметкері ретінде  телефон шалатын алаяқтардың көбейе  бастағанын ескертеді.

7FA7F9D0-84CB-44D0-87AC-106ED9AB8E62

Қастық ойлағандар телефон арқылы  байланысқан кезде банк шотының нөмірлері мен несиенің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге «техникалық мониторинг» мақсатында  деген желеумен азаматтардан төлқұжат  деректерін, атап айтқанда, ЖСН мәліметтерін білгісі келеді. Алаяқтар  сонымен қатар тексеру үшін деп  шот ашуды немесе тестік режімде несие алуға өтініш беруді және үшінші тараптың  шотына ақша аударуға үндейді.

Ұлттық Банк ақша жіберіңіз деген  электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді. Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген аяқ асты ақшаға тап боласыз деген хабарлама  немесе телефон қоңырауы көбінесе  алаяқтардың әрекеті болып шығады.

Ұлттық Банк жеке тұлғалардың  шоттарына  қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайды. Ұлттық Банкте шоттарды тек қана Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады.

«Ұлттық Банктен» ақша аударыңыз  деген  сипатта  күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау құрылымдарына  арыздану қажет.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына  телефон арқылы алуына болады:

+7 (7172) 77-52-10.

e-mail:[email protected]

www.nationalbank.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале