18.01.2022, 17:15
Оқылды: 34

Теңіз кен орнында 456 адам коронавируспен ауырып жатыр

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 456 адам коронавируспен ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

174DCEBF-D5C1-4E3E-AC63-A1919417FDD3

Атырау облысында қауіпті вирусты жұқтырғандар саны тағы да 538 науқасқа көбейіп отыр.

«Өткен тәулікте – 17 қаңтарда Атырау қаласында 322 адамның Covid-19 инфекциясына шалдыққаны расталды. Теңіз кен орнында 101 науқас анықталды. Ал, Жылыой ауданында 39, Индерде – 20, Қызылқоғада – 18, Құрманғазыда – 13, Исатайда – 11, Мақатта – 10, ауданында, Махамбет ауданында 4 науқас тіркелді. Науқастардың арасында 294 адамда коронавирус инфекциясының симптомды белгісі бар», -деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қазір 2 468 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланған. Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 456, модульдік ауруханада – 170, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 45, ал, №2 облыстық ауруханада – 39, фтизиопульманологиялық орталықта 20 науқас хаттамаға сәйкес ем-дом қабылдап жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулықтар коронавирусты көбіне қоғамдық орында жұқтыратынын, облыс әкімі мен бірінші орынбасары қауіпті вирусқа шалдыққанын хабарлаған болатынбыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале