3.01.2022, 12:40
Оқылды: 167

Теннис: Елена Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) 500 WTA турнирін жеңіспен бастады.

200225083931356e

Осы доданың 7-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 132-орында тұрған аустралиялық Сторм Сандерспен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде аустралиялық спортшы 6:1 есебімен есе қайырса, үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:1.

Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды. Қарсыласы 5 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) шектелді.

Е.Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.

Жүлде қоры 535 мың АҚШ долларына бағаланған аталмыш дода 9 қаңтарда мәреге жетеді.

Өткен жылы мұнда Польша өкілі Ига Свентек швейцариялық Белинда Бенчичті 6:2, 6:2 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале