9.11.2022, 10:15
Оқылды: 32

Теннистен ӘЧ: Қазақстан Ұлыбритания құрамасын жеңіп кетті

Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан Ұлыбритаия құрамасын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221109022920857e

Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кортқа шықты.

Осыған дейін қарсыластардың екі мәрте жолдары тоқайласқан. Екеуінде де қазақстандық теннисші британдықтан айласын асырды.

Бірінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін Е.Рыбакина дес бермей, қатарынан бес геймді алды - 6:1.

Екінші сетті қазақстандық спортшы 2:0 есебімен сәтті бастағанымен, Дарт таразы басын теңестірді. Есеп 4:4 болған мезетте Елена тағы бір брейкке қол жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Осылайша, Қазақстан 2:0 есебімен алға шығып, жеңісті қамтамасыз етті. Енді қалған жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.

Сәрсенбі күні қазақстандық қыздар С тобында Испаниямен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, жартылай финалға жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен командалық әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен кездесетінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ұлыбританиямен матчта Юлия Путинцева Қазақстанды алға шығарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале