30.04.2021, 23:13
Оқылды: 685

Теректіге облыс басшысы жұмыс сапарымен келді

БҚО әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Теректі ауданында болды. Оны аудан әкімі Арман Өтеғұлов қарсылап, бірқатар жұмыстармен таныстырды.

89827209-A331-4A43-A832-A94C80595E62

Алдымен, облыс басшысы Ақсуат ауылында болып, өткен жылы жөндеуден өткен мектепке бас сұқты. Ақсуат ЖОББМ 1984 жылы негізі қаланып, 2020 жылға дейін күрделі жөндеуден өтпеген-тұғын. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 231 млн. 990 мың теңге қаражат бөлініп, мектеп ғимараты күрделі жөндеу көрді. Жөндеу кезінде ғимараттың толық төбе жабыны, есік-терезелері,  еден, жылу жүйесі, электр желілері ауыстырылды. Ғимараттың сыртқы жағы сайдингпен қапталып, мектептің ауласына кеспетас төселген. Сонымен қатар тозығы жетіп, апаттық жағдайда болған жылыту қазандығының төбе жабыны да жөнделген екен. Қазіргі таңда мектепте 325 оқушы білім алады. 40 баланы қамтыған шағын орталық бар. Алдағы уақытта мектептің бір жақ бөлігінде толық күн жұмыс жасайтын балабақша ашу жоспарлануда. Бұл жөнінде облыс басшысына мектеп директоры Ерлан Жұбаниязов айтып берді.

2D4DB21F-1381-4665-97AF-75F3B209E7A2

- Негізі қаланғаннан бері жөндеу көрмеген білім ордасының іші-сырты түгел жаңғыруы - ауыл халқы үшін зор қуаныш. Енді еліміздің болашағы, жас ұрпақ алаңсыз білім нәрімен сусындайтын болады. Әрине, білім саласына елімізде көзқарас ерекше. Сапалы, жаңарған білім ордасынан енді сапалы білім алған жастардың түлеп ұшуын күтеміз. Білімнің сапасына айрықша мән беруіміз қажет,- деді өз сөзінде өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.

Бүгінгі таңда Ақусат ауылында MESH желісі жұмысын талшықты-оптикалық байланыс ретінде қарастырып, елді мекен тұрғындарын түгелдей сапалы интернетпен қамтуды тәжірибе етіп қарастыруда. Бұл қыруар қаржы шығармай, ауылдық округтегі мәселені толықтай жоюға арналған жоба. Жобаның артықшылығы туралы облыс әкіміне  Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысы Петр Лежников баяндады.

7ADFCFC8-10F7-48A0-9AB9-46EE52D15D10

Облыс бойынша үздік ауыл атануға үміткер Новопавлов ауылында да бірқатар оң өзгерістер бар. Ауылға кіреберіс 15 шақырым жол тақтайдай, таза ауыз және көгілдір отынның қызығын халық көруде. Ауылда 464 оқушыға арналған мектеп бар. Дегенмен қазір 108 оқушы ғана білім алуда. Бала санының аз болуына байланысты мектептің ғимараты толығымен пайдаланылмайды. Сондықтан жылыту, электр шығындарын азайту мақсатында Теректі ауданының білім беру бөлімі мектеп ғимаратының  559,9 ш.м. бөлігін және 0,0563 га  жер участогін Новопавловка ауылдық округі әкімінің аппараты теңгеріміне иелену, пайдалану құқығымен, билік ету құқығынсыз берген. Арнайы бөлмелер кәсібін ашам дейтін ауыл тұрғындарына жалға берілмекші. Шаштараз, тігін цехы және сән салоны жоқ ауылда осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жүйелі жұмыстар жолға қойылған. Бұл бастамаға облыс әкімі оң бағасын берді.

D86FD1BB-BBBF-48C2-9093-20DD6D72017A

Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрсәуле Аткеева өңір басшысына «Жасыл Ел» еңбек жасағының аудан бойынша атқарылар жұмыс жоспарымен таныстырды.

Одан кейін облыс әкімі Ғ.Есқалиев Ақсуат ауылдық округіне қарасты Магистральный ауылындағы «Петрореф» ЖШС-де болды. Батыс Қазақстан облысының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару бойынша жетекші компаниялардың бірі болып табылатын «Петрореф» алдағы уақытта құрылысқа қажетті битум өндірмекші. Облыс басшысы компания директоры Бахтияр Тұрлыбековпен жүздесіп, ісіне сәттілік тіледі.

6AE6E9BF-A14E-4C4D-B18F-659B36274F3E

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Подстепный ауылдық округінде де болды. Ауыл аумағында құрылған «Адал» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысын бағамдады. Кооператив басшысы Қанат Дакешов алдағы жоспарларын айтып, бүгінгі күнге атқарған шаруаларын жіпке тізді. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың өзінде ауданда 9 АӨК жаңадан құрылған. Күні бүгін Теректі ауданы бойынша 34 АӨК тіркелген. Ғали Нәжімеденұлы осы бағыттан таймай, аталмыш бағытқа айрықша назар салу керектігін, халық ішінде түсінік жұмыстарын күшейту керектігін ескертті. Сапар барысында облыс басшысы Подстепный ауылдық округіне қарасты Юбилейный ауылындағы «Ringo Milk» тауарлы сүт фермасының тынысын бағамдады.

Сапар Ақжайық ауылдық округінде жалғасын тапты. Облыс әкімі ауыл маңындағы қалқымалы су сору станциясының жұмысын көріп, мамандардың «Жайық-Шалқар» каналы, Ащы-Азынабай-Тайпақ, Азынабай-Тайпақ суландыру жүйесін қалпына келтіру жайындағы баяндамаларын тыңдады. Одан кейін округке қарасты «Барқын» шаруа қожалығына барды. Асхат Аманбаев жетекшілік ететін қожалық 2014 жылы құрылған. Биыл шетелден асыл тұқымды етті бағыттағы 266 бас асыл тұқымды қашар сатып алуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні 98 бас Абердин ангус әкелінген.  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 195 млн. теңге несие алыпты. Шаруасын дөңгелетіп, асыл тұқымды мал өсіруді қолға алған шаруаның жұмысына өңір басшысы оң бағасын берді. БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің Теректі ауданына жұмыс сапары Аңқаты және Шаған ауылдық округтерінде түйінделді. Облыс әкімі Аңқаты ауылындағы асыл тұқымды мал өсіріп отырған «Айсұлу» және егін мен мал шаруашылығын қатар алып жүрген «Бақыт» шаруа қожалықтарында болды.

183E8438-9C50-4530-9845-217D776BFA61

Одан кейін Шаған ауылдық округіне қарасты «Тұлпар LTD» ЖШС-не барды. Валерий Голоухов жетекшілік ететін серіктестік  былтыр 3280 га дәнді дақылдан 21,7 ц/га орташа өнімділікпен 7147 тонна дәнді дақыл, 4356 га майлы дақылдан 6 ц/га орташа өнімділікпен 2626 тонна майлы дақыл өнімін жинап алған. «Тұлпар LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1,2,3, репродукциялық тұқым өндірумен айналысып, ауданның шаруашылықтарын 1,2,3, репродукциялық тұқыммен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі күні 11000 га жерге ылғал жабу жұмыстарын жүргізіп, 115 га жерге арпа дақылын еккен.

Қазір Шаған ауылдық округі орталығы Жаңаөмір ауылындағы 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы өзекті болып тұр. Себебі, мердігер «Домостроитель» ЖШС 2020 жылы жұмыстың тек 5 пайызын ғана орындаған. Бүгінгі таңда келісімшарт бұзылған. Құрылыс тоқтап тұр. Облыс әкімі құрылыс басында болып, тез арада жұмыстардың қарқын алуы үшін тырысу керектігін баса айтты.

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале