17.09.2024, 11:30
Оқылды: 171

Тьерри Бретон ЕО комиссары қызметінен кетті

Ішкі нарыққа жауапты Еуропалық ықпалды комиссар Тьерри Бретон отставкаға кетті. Ол Урсула фон дер Ляйен туған елі Францияға оның орнына басқа кандидат ұсыну үшін қысым жасап жатқанын айтты, деп жазады Еuronews.

55BFFA00-3761-443B-8193-3B9759119F36

Сурет: Еврокомиссия / ҚазАқпарат

Бұл туралы Бретон 16 қыркүйек, дүйсенбі күні таңертең жарияланған ашық хатында хабарлады. 

Француз азаматы алдағы Еурокомиссия құрамында маңызды портфолио алады деп болжанған. Өйткені оның вице-президент лауазымына тағайындалуы туралы қауесет тараған болатын. Алайда мұның бәрі жалған болуы мүмкін. 

Бұл туралы Бретон Урсула фон дер Ляйенге ашық хатында жазды.  

«Бірнеше күн бұрын болашақ Еуропалық комиссияның құрамы туралы келіссөздердің соңғы кезеңінде сіз Франциядан жеке себептермен менің атымды алып тастауды сұрадыңыз. Оны тіпті менімен жеке талқыламадыңыз және Еуропа Одағының болашақ құрамына Франция үшін неғұрлым ықпалды портфельді ұсындыңыз. Енді сізге басқа кандидат ұсынылады», - деді ол. 

Ал Тьерри Бретон Еурокомиссар қызметінен кететінін айтып, әріптестеріне ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

«Мен өз әріптестеріме, Еуропалық комиссия қызметкерлеріне, Еуропарламент депутаттарына, мүше мемлекеттерге және менің командама шексіз алғысымды білдіргім келеді. Біз бірге Еуропаның өршіл күн тәртібін алға жылжыту үшін тынымсыз жұмыс істедік. Мен үшін жалпы еуропалық мүдделерге қызмет ету құрмет пен мәртебе болды», - деді Тьерри Бретон.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале