6.09.2022, 20:22
Оқылды: 132

Тіл жанашырлары марапатталды

Оралда 5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсаңында және ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  «Тіл – татулық тұғыры» атты дәстүрлі қалалық тіл фестивалі өтті.

IMG-20220906-WA0136

Тіл мерекесіне орай өткен шараны Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған.

Фестиваль шымылдығы «Ғасыр жастары» қоғамдық театрының театрландырылған қойылымымен ашылып, өңіріміздегі тіл саясатын іске асыру жұмыстарының бейнеролигі көрсетілді.
Шара барысында сөз алған қала әкімінің орынбасары М.Нұржанов айтулы мерекемен құттықтай отыра, Тіл жанашырлары мен тіл фестивалі аясында жыл бойы өткен шараларда белсенді болған үздіктерді Орал қаласы әкімі М.Сатқановтың Құрмет грамотасымен және «Қазақ тілі жанашыры» төсбелгісімен марпаттады.
Атап айтсақ, қала әкімінің Құрмет грамотасымен Орал «Зенит» заводының» “QAZAQ TILI” қоғамы” бастауыш ұйымының төрағасы Ахметжан Шукпутов, ақын, жұбантанушы, тіл жанашыры Үзілдік Елубайқызы, "Зерек" оқу орталығының басқарушысы, Орал этно-лагерінің ұйымдастырушысы, тіл саясатын жүргізуде тың бастамалар көтеріп жүрген қоғам белсендісі Сәуле Якиева, қоғамдық белсенді, тіл саясатын жүргізуде тың бастамалар көтеріп жүрген тіл маманы, журналист Ақмоншақ Жұмаева, «Тіл мұра» қоғамдық қозғалысы төрайымының орынбасары («Қазақ мектебіне қадам басайық!» жобасының белсенді қатысушысы) Ирина Суетина, Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы (мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге белсенді үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметші) Ақжарқын Темірханова марапатталды.

«Қазақ тілінің жанашыры» төсбелгісі өлкентанушы, тіл саясатын жүргізуде тың бастамалар көтеріп жүрген тілші Қазбек Құттымұратұлына, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Рита Cұлтанғалиеваға, қоғамдық белсенді, жарнамадағы тіл тазалығына өзіндік үлесін қосып жүрген тіл күрескері Бекнұр Сражановқа, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының м.а. Аманқос Жұбанышевқа, БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, «Қазақ мектебіне қадам басайық!» жобасының белсенді қатысушысы Ерлан Галиевке, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі, Орал қаласында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан тіл күрескері Болат Жексенғалиевке берілді.

Одан әрі “Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық тілде білім беру мәселесі» тақырыбында филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Бөкенбайұлы баяндама жасады.

Фестиваль концерттік бағдарламаға ұласты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале