22.07.2026, 21:30
Оқылды: 105

Бөлім басшысы Тілдерді оқыту орталығына барды

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мәулет Жұбатов «Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығында» болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен және ұжым мүшелерімен танысты.

IMG_9960

Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде тіл саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, орталық қызметінің сапасын арттыру және тыңдаушылардың өтініштеріне сәйкес қаладағы өзге де шағынаудандарда филиалдар ашу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Өзара сенім мен ынтымақтастықта өткен жиын алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жаңа серпінмен жалғастыруға негіз болды.

Айжан Бауыржанқызы,
Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығының
БАҚ-пен жұмыс бойынша маманы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале