4.07.2026, 16:30
Оқылды: 17

Тимур Турлов: Қазақстанды цифрлық державаға айналдыруға нақты қадам жасалды

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында халықаралық Citi корпорациясы және Freedom Holding Corp арасында ауқымды жасанды интеллект (AI) кластерін бірлесіп салу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

_gluster_2026_7_3_44ee22a28ea1b4c169cfbf8ef9279f11_1280x720

Фото: gov.kz

Ведомство басшысы Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл жоба Қазақстанның жаңа үлгідегі экономикаға көшуіне, өз есептеу қуаттарына ие болуына және инвестициялар мен таланттар үшін тартымды орталыққа айналуына жол ашады. Ынтымақтастықтың басты міндеті — озық GPU-технологияларымен жабдықталған AI кластерін құру және деректерді өңдеу орталығын салу.

Citi-дің жаһандық басшысы Стефани фон Фридебург бұл қадам еліміздің цифрлық трансформациясын қолдауға бағытталғанын және әлемдік деңгейдегі инфрақұрылым құру үшін инновациялық қаржыландыру тәсілдері қарастырылатынын атап өтті. Өз кезегінде Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов компанияның NVIDIA және OpenAI сияқты жаһандық гиганттармен жұмыс істеу тәжірибесі бар екенін және оны осы жобаны табысты жүзеге асыруға жұмсайтынын жеткізді. Сонымен қатар, келісім аясында елде цифрлық активтер экожүйесі қалыптасып, цифрлық банкинг, трансшекаралық есеп айырысу және блокчейн-шешімдерді енгізу салалары дамитын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале