14.12.2023, 13:00
Оқылды: 44

Он тоғызда жасым бар...

Кешегі кеңестік тоталитарлық жүйеге қас-қая қарсы тұрған, бүгінде қазақтың бір туар батырына айналған Қайрат Рысқұлбековке кеңестік билік «жақтым күйе, жаптым жала» дегенге салып, ату жазасына кескені белгілі.

c38cc53d-580a-4cb2-ad53-3b9ddcbbe5ef

Үкімде Қайрат Рысқұлбеков кінәлі деп табылып, оған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға және Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары – өлім жазасына, атуға кесілсін делінген.

Осылайша Қайрат Рысқұлбеков тергеушілердің жазулары бойынша бірде автобус өртегендердің ішінде, бірде жасақшыларды ұрғандардың қатарында, бірде қоғамдық тәртіпті бұзғандардың сапында бой көрсеткені анықталады.

Ол осы аз ғана уақыттың ішінде 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 320 миллиционер мен 196 әскери адамды жаралағандар қатарында болды деп айыпталады.

Осындай ақылға сыймайтын айыптаулар таққан соттың сөзіне сенсек, Қайрат Рысқұлбеков мемлекетке 302 644 сом зиян келтірген екен.

Алайда есіл ер айыптаулардың бірін де мойындамай белгісіз жағдайда абақтыда көз жұмады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале