12.01.2022, 14:30
Оқылды: 139

Тоғызқұмалақ - дала философиясы

Қазақтың төл  өнері, тоғызқұмалақ – әлемдік  мәдениеттің  озық  үлгілерінен көш ілгері, таза математикалық һәм логикалық ойлау өнері.  Ата  бабаларымыз  ұрпақтары  ойлау қабілетін  артсын, ақылды болсын деп тоғызқұмалақты аманатқа қалдырған. Таза  арифметикалық  амалдар  ойын  барысында  қолданылады.  Тоғызқұмалақ  –  ойшылдар  ойыны. Қазақтың  төл  өне­рі –  тоғызқұмалақ  ойыны  ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді.

тогызкумалак

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Батыс Қазақстан облысының тоғызқұмалақ спортшылары айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

17-22 тамыз күндері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қызылорда қаласында өткен ардагерлер арасындағы ҚР чемпионатында Айтбай Қалмышұлы  Тастайбеков 1-орын иеленді.

13 тамыз-5 қыркүйек аралығында  Зияткерлік ойындар олимпиадасы бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Лондон қаласында тоғызқұмалақтан өткен халықаралық турнирде қазақ елінің намысын қорғаған спортшыларымыз – Жарасхан Сағынбай 1-орын, Сайлан Матылов 3-орын иеленді.

25-30 қыркүйек аралығында Қостанай  қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР кубогында командалық есепте Батыс Қазақ­стан облысының командасы 3-орын иеленді.

4-6 қазан  күндері Нұр-Сұлтан  қаласында өткен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан «Ұлы дала рухы» атты республикалық фестивалінде Батыс Қазақстан облысы командасы  1-орын  иеленді.

1-7 қарашада Шымкент қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан командалық чемпионатта Батыс Қазақстан облысының командасы 3-орын иеленді.

7-13 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында өткен V Азия чемпионатында 12 елден 200-ге тарта спортшы қатысқан жарыста БҚО спортшылары  – Жарасхан Сағынбай ересектер арасында 1-орын, Дархан Айдарбек жастар арасында 1-орын, Самира Оразмұханбет жасөспірімдер арасында 3-орын иеленді.

Облыс бойынша тоғызқұмалақты дамытуда БҚО тоғызқұмалақ федерациясының президенті Серік Сүлеймен мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтың және басқа жаттықтырушылардың еңбектері зор.

Ұзаққали  Әбдікәрім,

Орал  қаласы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале