Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

23.09.2021, 11:50
Оқылды: 69
Тоқаев Алматыдағы атыс жайлы: Адамдарды өлтіруді ақтауға болмайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда бес адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол банктердің кепілдік саясатына, жеке сот орындаушыларының жұмысына және тағы басқасына қатысты заңнамаға түзетулер әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

5

«Сондай-ақ, жақында Алматыда ауқымды резонанс туғызған қайғылы оқиғаға тоқтала кеткім келеді. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына тағы бір рет көңіл айтамын. Полиция қызметкерлері мен сот орындаушысы өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде болды, өкінішке қарай, олар өздеріне жасалған шабуыл салдарынан қаза тапты. Оның ойы қандай болғанына қарамастан адамдарды өлтіруді ақтауға болмайды. Өркениетті қоғамда мұндай даулар мен мәселелер тек қана құқықтық алаңда шешіледі», - деді Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте.

Мемлекет басшысы банктердің жұмысына, сот орындаушыларына және т.б. қатысты заңнамаға енгізілетін түзетулерді дайындау қажет деп санайды.

«Сонымен қатар орын алған трагедияны егжей-тегжейлі зерделеу қажет, ал бұл - трагедия, неге мұндай жағдайға жол берілді, соны анықтау керек. Несие берушілер мен проблемалы борышкерлер арасындағы қарым-қатынас аясы, әсіресе тұрғын үйге қатысты жері өте шетін екені және заңды жетілдіруді талап ететіні анық. Бұл банктердің кепілдік саясатына, бағалау қызметін реттеуге, жеке сот орындаушыларының жұмысына және басқа аспектілерге қатысты. Аталған мәселелерде ашық және біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету маңызды. Үкімет, Ұлттық банк және Қаржылық реттеу агенттігі қажет болған жағдайда бір ай ішінде заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін түзетулерді дайындауы тиіс. Бірақ мен мұндай қажеттілік қазірдің өзінде туындап отыр деп санаймын», - деді Қазақстан Президенті.

Ол Алматы әкімдігі мен үкіметке барлық зардап шеккендерге, ең алдымен балаларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Жалпының немқұрайлылығының, дұрысын айтқанда құқықтық нигилизмнің құрбаны - балалардың ешқандай кінәсі жоқ. Біздің балалардың қоғамымыздың әділдігіне сеніп өскені маңызды, - деді Қасым -Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, үкімет, сарапшылар аталған түзетулерді мұқият зерделеп, қоғамның да рұқсатын алуы керек.

«Түзетулер келесі жылдың басында күшіне енуі тиіс», - деді президент.

Айта кетсек, 20 қыркүйекте Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында 54 жастағы ер адам айналасындағыларға оқ жаудырды. Бес адам қаза тапты. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полиция қызметкері және екі бейбіт тұрғын бар. Бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны болғаны белгілі.

Ер адам қамауға алынды. Адам өлтіргені үшін оған 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале