24.06.2026, 12:15
Оқылды: 6

Топырақтың шамадан тыс ылғалдануы тәуекелінен егістікті сақтандыруға өтінім қабылдау жалғасуда

Қазақстанда егін жинау науқаны кезеңінде дәнді және майлы дақылдарды топырақтың шамадан тыс ылғалдануы тәуекелінен сақтандыруға өтінім қабылдау жалғасуда, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

_gluster_2026_6_24_825ec5befb82108a467c9abee642d58e_1280x720

Сақтандыру шартын жасасуға өтінімді биылғы жылдың 30 маусымына дейін Kezekte.kz платформасы арқылы беруге болады.

Сақтандыру Абай, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлеріне қолжетімді.

2026 жылғы 15 тамыздан 14 қазанға дейінгі аралықты қамтиды және егін жинау кезінде топырақтың шамадан тыс ылғалдануына байланысты тәуекелдерді өтеуге бағытталған.

Өтінім беруден бастап сақтандыру шартын жасасуға және сақтандыру төлемін алуға дейінгі барлық рәсімдер Kezekte.kz платформасында орналастырылған Qalqan агросақтандыру ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы қажет.

Мемлекеттік субсидиялау тетігінің арқасында аграршылар үшін сақтандыру полисінің құны 80%-ға төмендетілген. Осылайша, фермер сақтандырудың толық құнының небәрі 20%-ын ғана төлейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале