15.04.2020, 12:30
Оқылды: 130

Төтенше жағдай кезінде шалғай аудандарына азық-түлік тасымалын қарастырмағаны үшін ауыл әкімі партиялық жауапкершілікке тартылды.

 Партиялық бақылау комиссиялары мен жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысы күшейтілді. Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн-брифингте "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев мәлімдеді.
9AF029EC-A771-4AC7-8519-38979E18EA8E

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылғы 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында азаматтардың өтініштеріне уақтылы жауап бермейтін және тиімді шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту туралы тапсырма берді.

-Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріндегі азаматтардың өтініштері, сондай-ақ халық арасында көтеріліп отырған резонанстық мәселелер бойынша бақылауды қамтамасыз ете отырып, партиялық бақылау комиссиялары мен жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысы жүйелі түрде күшейтілді.

Жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша, келесі іс-қимылдар қабылданды:

«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түсіп отырған арыз-шағымдар жеке қаралуда.

Төтенше жағдай кезінде аймақтық және аумақтық Партиялық бақылау комиссияларының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысы күшейтіліп, облыс аумағындағы  аз қамтылған көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсету бағытында құрылған «Birgemiz-Oral» қоғамдық қорының жұмысын және алдағы уақытта бөлінетін қаражаттың дұрыс жұмсалуын қадағалау үшін Партиялық бақылау комиссияларының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес  төрағалары қамқоршылық кеңесінің құрамына қосылды

Партиялық бақылау комисия және қоғамдық кеңес мүшелері күнделікті әлеуметтік және БАҚ көтеріліп отырған мәселелерді зерделеп, шешу жодарын қарастырады. Мысалы:

Төтенше жағдай жарияланған сәттен, облыс аумағында азық-түлік бағасы күрт өсу бойынша аймақтық және аумақтық филиалдарының комиссия мүшелері, ұсақ сауда үйлерін және қалалық базарларға шығып 21 рейд ұйымдастырды, нәтижесінде аса қажетті 6 азық-түлік түрі бойынша бағасын төмендетілді, кейбір кәсіпкерлерге азық-түлік бағаларын көтеруге болмайтындығы жөнінде ескертпелер берілді. Сонымен қатар, Орал қаласы бойынша бірнеше кәсіпкерлерге төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Облыс аумағыдағы орналасқан өткізу пунктері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе тексерілді. Қазіргі таңда, қала аумағындағы 9 өткізу пункті және аудан аумағындағы 12 өткізу пунктінің жұмысымен танысып, жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша әрбір бекеткен арнайы ескертпелер ілінді.

 Бөкей ордасы ауданы, Сайхын ауылының 32 жұмысшысына еңбек ақысы партиялық комиссияның араласуымен және келіссөздер арқасында төленді, - деді М. Мұқаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале