5.05.2023, 17:45
Оқылды: 165

Төтенше жағдайлар департаменті салтанатты шара өткізді

"5 мамыр күні Төтенше жағдайлар департаменті аумағында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті", - деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

photo1683280211(6)

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

Бүгінгі жастардың болашағы мен бақыты үшін қан төккен ата-бабаларымыздың даңқы еш уақытта өшпейді!

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 7 мамырдағы Ұлттық қарулы күштері туралы Жарлығына сәйкес, 7 мамыр елімізде Отан қорғаушылар күні болып бекітілген.

Шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталып, ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Викторович Ильиннің құттықтау жеделхаты таныстырылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне арналған бейнеролик ұсынылды.

photo1683280211(2)

Сөз кезегі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Рашид Бекетұлы Бляловке беріліп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен қызметкерлерді марапаттады:

- ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Рауан Биарстанович Кайргалиевке мерзімінен бұрын азаматтық қорғау полковнигі атағы;

- Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ольга Владимировна Бенцлерге азаматтық қорғау полковнигі атағы;

- № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Нургали Утепкалиевич Шаймардановқа «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі;

- Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Азилхан Ахмедиярович Карабасовқа «Құтқарушы» төсбелгісі;

- № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Айбар Талғатұлы Махмутовқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотасы;

- Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаныНурсултан Уалиханович Сериковке Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хаты табыс етілді.

- № 4 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Жардем Куандыкович Амангалиевке;

- № 5 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Сунгат Муратович Аккереевке Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі атынан Алғыс жарияланды.

Келесі құттықтау сөз Батыс Қазақстан облысы Ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Ғабдыжанұлы Құсайыновқа берілді:

- Жасқайрат Амангельдиевич Бердашев «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрметті ардагері» медалімен;

- Ермекқали Дуйсахаевич Машанов «105 лет советской пожарной охране» медалімен;

- Николай Андреевич Маштаков «105 лет советской пожарной охране» медалімен марапатталды.

Виталий Петрович Земцовке ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны және жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені үшін «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің грамотасы табыс етілді.

Болашағымыз үшін өз өмірін қиған батырлардың есімдері жүрегімізде мәңгі сақталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале