3.01.2024, 11:00
Оқылды: 49

Төтеншеліктер 357 адам құтқарды

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 177 рет шақыртуға шыққан.

ТЖД

Оның 82-сі өрт пен жану оқиғаларына, 95-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмысқа қатысты.

Бұл ретте 357 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланған.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауылды ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жерге жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале