27.11.2026, 17:45
Оқылды: 6

Төтеншеліктердің тәлімі

Оралдағы №52 мектепте «Қауіпсіз өмір сүруді үйренеміз» атты профилактикалық акция өтті. Іс-шараны облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұйытқы болған «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық науқаны аясында ұйымдастырды. Айта кету керек, аталған акция 21 қарашада басталды.

 10 дней пожарной безопасности (2)

Аталған жиынға облыс әкімнің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Марат Мұратов және сала мамандары қатысты. Кездесу барысында құтқарушылар мектеп ұжымы мен оқушыларға төтенше жағдай туындаған сәтте ең алдымен не істеу керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті. Мамандар өрттің алдын алу жолдарын түсіндіріп, арнайы бейнеролик ұсынды. Бұдан бөлек, 7-9-сынып оқушылары құтқару техникалары мен жабдықтарын жақыннан тамашалады. Ал 10-11-сынып оқушылары жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелері бойынша викториналық сұрақтарға жарыса жауап беріп, білімдерін сынады. «Акция аясында облыстық білім басқармасымен бірлесіп, өңірдегі барлық мектепте өрт қауіпсіздігі тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылуда. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері өңірдің білім беру ұйымдарында төтенше жағдайлар тіркелген жоқ», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Елдос Батталов. Облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Мұхамбетов әкімдік пен төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп атқаратын негізгі міндеттердің бірі өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

– Біздің мектепте төтенше жағдай кезінде ғимараттан қауіпсіз жағдайда шығу тәртібі бойынша кезекті оқу-жаттығу өтті. Мұндай тәжірибелік іс-шаралар бізде жиі ұйымдастырылады. Дабыл қа-
ғылған сәтте мұғалімдердің нұсқауымен белгіленген бағыт бойынша қауіпсіз аймаққа шықтық. Жаттығу барысында сабыр сақтау мен тәртіпке бағынудың маңызын тағы бір мәрте түсіндік. Бұл дағдылар кез келген оқыс оқиғада жылдам әрі дұрыс әрекет етуге үйретеді. Қауіпсіздік ережесін жетік білетін әр оқушы қиын сәтте дұрыс шешім қабылдап, өзін де, өзгені де қорғай алады деп ойлаймын, – деді 10-сынып оқушысы Ажар Махам-бетқызы (суретте). Екі ауысымда оқытатын №52 мектепте бүгіндері 1741 оқушы білім алып  жүр.

Айна Имашева,

Орал қаласы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале