5.11.2023, 17:05
Оқылды: 120

«Тұмар» келіндер клубының мүшелері сайлауға қатысты

Бөкей ордасына қарасты Ұялы ауылдық округіндегі «Тұмар» келіндер клубының мүшелері таңдауын жасады.

IMG-20231105-WA0505

Бір үйдің келіндеріндей ұйымшылдық көрсеткен ұялылық келіншектер саяси доданың маңыздылығын жете түсінетінін айтады.
- Әрқайсымыз әр ауылда туғанмен Ұялының түтінін түтетіп отырмыз. Ауданда өтіп жатқан еліміз үшін маңызды оқиғаға өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Оның үстіне сайлау жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан әр бөкейлік сайлаушының даусы маңызды. Ауыл шалғайда жатқанмен елдің бірлігі бекем. Жаңадан сайланған басшы елдің мұң-мұқтажын түсінетін, мәселесін шешетін әкім болады деген ойдамыз, - дейді Ұялы ауылының келіндері.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале