27.07.2022, 10:00
Оқылды: 248

Туристік база салынуда

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылында болып, "Елжас" ЖШС-нің жаңадан салынып жатқан туристік база құрылысымен танысты.

4

Айта кетсек, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында инвестор мемлекеттен жалпы алаңы 1.6169 гектарды құрайтын төрт жер учаскесін сатып алды. Инвесторға қосымша Подстепное ауылдық округі әкімінің шешімімен көлемі 12,3004 гектар жер учаскесі үш жылға жалға берілді. Бүгінгі таңда 100 орындық кафе кешені жөне 50 орындық қонақүйдің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж және бассейнге іргетас құю жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны - 1 млрд теңге. Инвестор монша кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауда. Аталған нысанды пайдалануға беру келер жылдың жазында жоспарланған.

3

Өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы кәсіпкердің бастамасын қолдайтынын жеткізіп, сәттілік тіледі.

1

Алтынбек Ермекқалиев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале