29.06.2023, 9:15
Оқылды: 122

Туристік-өлкетану қызметі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейміз

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім бөлімінің «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   туристік-өлкетану қызметін жүзеге асыратын балаларға арналған қосымша білім беру мекемесі.

IMG-20230629-WA0052

Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, қосымша білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, туризм негіздерін игеру, балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, балаларды қоғам өміріне бейімдеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, баланың рухани әлемі мен жеке тұлғасын байыту, жетілдіру, ата-ана мен тәрбиеленуші бала арасында тәрбие кеңістігін құру, педагогтың шығармашылығы мен қызметтеріне ата-аналарды тарту, педагогтың кәсіптік деңгейін арттыру мақсатында қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге немқұрайлы қарамауға тәрбиелеу және білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

IMG-20230629-WA0056
Қазіргі таңда жаяу туризм, өлкетану, тау туризмі, экология, бард, спорттық бағдарлау бағыттары бойынша үйірмеге тартылған оқушыларға қосымша білім береді. Осы үйірмеге қатысатын оқушылар және үйірмені жүргізетін педагогтар белгіленген жоспарға сәйкес туристік-өлкетану бағытында аудан көлемінде шаралар (туристік жорықтар, туристік жарыстар, фестивальдер, экологиялық акциялар) ұйымдастырады. Әртүрлі облыстық шараларға қатысып отырады.

IMG-20230629-WA0053
Сондай-ақ жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында мекеме 2023 жылдың жаз айларында «Жас турист» шатырлы лагерін ауданымыздың мектеп жасындағы оқушыларына ұйымдастырады.
Шатырлы лагерьдің мақсаты балалардың бір-бірмен жақын танысып, жете түсінісіп болашақта ынтымақтаса, бірге жұмыс істеп демалуына ықпал ету, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және қызықты өткізуге ынталандыру, балаларды жазғы демалыста бір-бірінің қарым-қатынасын жақсартуға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ олардың туристік шеберліктерін шыңдай отыра жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.

IMG-20230629-WA0055

Лагерь бағдарламасына сай демалушылары түрлі қызықты туристік-өлкетанулық (шатырды құру, байлау түрлері, аспалы өткел, спорттық бағдарлау, жасанды жартасқа өрмелеу, параллельді өткел, маятник, бөрене арқылы өту, зардап шеккенді тасымалдау,) және экологиялық (тазалық акциялары, маңайдағы өсімдіктерді зерттеп олардан кеппешөп дайындау) іс-шараларға қатысып, өздерінің далалық жағдайда бейімделу, кездесетін түрлі қиындықтарды жеңу мен өлкетануға қатысты білімдерін молайтып, экологиялық мәдениетті қалыптастыра отыра қоршаған ортаны қорғауға бейімделеді. Велотуризм техникасы және спорттық бағдарлау бойынша практикалық жұмыс жасайды. Сонымен қоса лагерь аймағында құрылған бассейнде суға шомылып, суға жүзуді үйренеді.

Б. Батыршин,
Сырым ауданының "Жас туристер станциясы" КММ директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале