24.09.2021, 12:11
Оқылды: 102

Түркияда Қазақтардың кіші құрылтайы өтті

Бүгін Түркияда (Ыстамбұл қаласы) Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі" тақырыбында Қазақтардың кіші құрылтайы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

9

Кіші Құрылтайды ҚР АҚДМ қолдауымен "Отандастар қоры" Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақтардың кіші құрылтайының жұмысына Түркия мен Еуропа елдеріндегі қазақ қауымдарының, Қазақстанның мәдениет мекемелері мен жоғары оқу орындарының 100-ден астам өкілдері қатысты.

Шара жұмысының аясында шетелдегі қазақ диаспораларының өзекті мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмасу болды.

Айта кету керек, Кіші құрылтайдың бағдарламасы көптеген мәдени-ағарту іс-шараларын қамтыды.

Стамбул қаласының Бағдылжар ауданында белгілі спортшы Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті. Кіші құрылтайға қатысушылар үшін қазақстандық музейлер мен жоғары оқу орындары "Алтын тамырлы Атажұрт" көрме, сондай-ақ Түркиядағы қазақ диаспорасының жастары үшін "Білім көрмесінің" тұсаукесері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, шетелдік іскер қазақ қауымдастығымен кездесу барысында "Алыстағы ағайын" деректі фильмі көрсетілді.

Казақтардың кіші құрылтайы іс-шаралар бағдарламасы аясында Қарағанды облысынан келген Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қазақстандық тарап Кіші құрылтайға қатысушыларға Қазақ елінің мәдениеті, тарихы, Қазақстандағы қазіргі өмір туралы әдебиеттерді сыйға тартты.

 

 zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале