2.12.2021, 12:00
Оқылды: 60

Туроператорлар Мысырға жолдама алған қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстандық туроператорлар таяу кезеңде Мысырға турларды сатуды тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Бұл туралы Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

photo_90573

Рейдің айтуынша, Мысырға 20 мыңға жуық тур сатылған. Олардың бір бөлігі орындала алмайды. Турларды сату қашан басталатыны әлі белгісіз, сондықтан демалысты жоспарлап, Мысырға тур сатып алған туристерге басқа бағытқа жолдама немесе қайтару түрінде балама ұсынылады.

"Турларды сатып алған және ұшуға үлгермеген туристерге турды басқа бағытқа ауыстыру ұсынылады. Ұсынылып отырған елдердің тізімін қазір ведомствоаралық комиссия жасап жатыр. Айырбастау опциясына сәйкес келмейтіндерге үш ай ішінде ақша қайтарылады.

Жаңа "омикрон" штамының пайда болуына байланысты әуе қатынасы тоқтатылды. Оның қалай өзгеретіні, Африка елдерінде қалай қозғалатыны белгісіз. Әуе қатынасын қай кезеңде тоқтататынымыз әлі белгісіз. Отандастарымыздың тыныштықты сақтап, жаңалықтарды біліп отыруы өте маңызды", - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале