12.04.2024, 14:46
Оқылды: 19

Тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге барған кезде не істеу керек?

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге, Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдеріне барған кезде мынадай кеңес береді. 

e373955757ef6ca6cd684e8752e3571f_1280x720

Фото: www.gov.kz

•⁠ ⁠қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

•⁠ ⁠әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;

•⁠ ⁠өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;

•⁠ ⁠жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;

*тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

•⁠ ⁠тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау;

•⁠ ⁠аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале