18.01.2022, 11:45
Оқылды: 35

Учаскелік дәрігерлерге КВИ ауруларын үйде емдегені үшін 3 жалақы көлемінде үстемеақы төленеді

Учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдегені үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

AFFCC84C-EE30-453C-AD02-6E7B55EF3CF8

«Амбулаториялық науқастардың санының өскенін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, медициналық-санитариялық алғашқы көмекдеңгейінде уақтылы медициналық көмекті нығайту және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қабылдауда», - деді ол.

Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта еліміз бойынша 3 054 мобильді дәрігерлік бригада жұмыс істейді, резервте 1 622 бригада бар. КВИ-мен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеуге учаскелік медицина қызметкерлері кеңінен тартылуда. Шұғыл медициналық көмекті 1 486 жедел медициналық жәрдем бригадасы көрсетеді, резервте 150-і жасақталған. Қазір КВИ кезінде медициналық көмек көрсетуге барлығы 40 мыңға жуық медицина қызметкері тартылған. Резервте 4 556 медициналық қызметкер бар, оның 1217-і - дәрігер.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру мақсатында мобильді бригадалардың қайта шығуын, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы үйдегі стационарларды кеңейту және белсенді ашуға қосымша ақы төлеу бойынша іс-шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдеген үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы көзделген», - деді Ажар Ғиният.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале