15.06.2022, 9:30
Оқылды: 84

UEFA Ұлттар лигасында Англия Венгриядан ойсырай жеңілді

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220615095958797e

Бұл күнгі басты кездесулер А лигасы үшінші тобындағы Англия мен Венгрия, Германия мен Италия құрамалары арасында өтті.

Өз алаңында Англия құрамасы Венггриядан 0:4 есебімен ойсырай жеңілді. Осылайша ағылшындар өз тобындағы жағдайын қиындатып алды.

Ал Германия Италияны 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, А лигасы төртінші тобында Нидерланды Уэльсті 3:2 есебімен жеңсе, Польша Бельгияға 0:1 есебімен жол берді.

В лигасы үшінші тобында Босния және Герцогвина Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, Румыния Черногориядан 0:3 есебімен жеңілді.

С лигасы бірінші тобында Люксембург пен Фарер аралдары 2:2 есебімен тең түссе, Түркия Литваны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

D лигасы бірінші тобында Молдова Андорраны 2:1 есебімен жеңсе, Лихтенштейн Латвияға 0:2 есебімен жол берді.

Енді қалған екі тур ойындары қыркүйек айында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын UEFA Ұлттар лигасында Франция Хорватиядан жеңілді.

Фото: publicnewstime.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале