8.01.2021, 11:43
Оқылды: 144

Үгіт-насихат жұмыстары мәреге жетуі жақын

Елімізде 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстары мәреге жетуі жақын. Енді тура бір тәуліктен соң үгіт-насихат тоқтайды. Ал 10 қаңтар күні халық сайлауға қатысып, өз таңдауын жасайтын болады.

c3f1d9d7-8749-4d88-9034-66951cabda49

Дегенмен "Nur Otan" партиясы атынан саяси додаға түскен үміткерлер әр күн мен әр сағатты тиімді пайдаланып, облыс орталығында, аудан-ауылдарда түрлі форматтағы кездесулер өткізуде.

Облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Досмұхамбетов Алихан мен Ермекқалиев Алтынбек "Есіктен-есікке" акциясымен Жаңақала ауданына қарасты Жаңақазан ауылына барып, халықпен жүздесіп, сайлауға дайындықтарынан хабардар болды. Сондай-ақ олар елдің жай-күйін сұрап, тұрғындардың ұсыныс-тілегіне құлақ түрді. Сондай ұсыныстың бірі зейнеткерлік жастың ұлғаюы турасында болды. Үміткерлер "Сайлауда жеңіске жетсек, осындай елдік мәселелерді мінбелерде көтеретін боламыз. Сондықтан "Nur Otan"-ды қолдайық, ағайын!" деді.

Ауылдағы ағайынмен жүздескен үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарға тоқталды.
Әсіресе партияның халықтың жақсы тұрмыс кешуін басты назарда ұстайтынын айтып, алдағы жылдары ауыл көшелерін жөндеу, елдімекендерге таза ауыз су, көгілдір отын, сапалы интернет тару көзделуде екенін айтты.

Ауыл тұрғындарымен емен-жарқын әңгіме-дүкен құрған кандидаттар сайлауға тегіс қатысып, жетекші партияға дауыс беру қажеттігін атап өтті.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале