8.09.2023, 12:13
Оқылды: 109

"Үйімізге ораламыз": Геннадий Головкин Қазақстанға келеді

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин шілде айынан бері алғаш рет әлеуметтік желіге фото жариялады. Ол үйіне келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
7febe6f6cdcd482abaac8cbc5bde863f
Сурет: Instagram/gggboxing

Әйгілі боксшының 8 қыркүйек күні Instagram-дағы парақшасына бөліскен фотосында ол өзінің сыңары Максиммен бірге тұр.

"Жақында үйімізге ораламыз. Ең әуелі, футболдан ұлттық құрамамызды қолдап, жанкүйерлер жанынан табыламыз", - деп жазды Геннадий Головкин фото сипаттамасына.

Сонымен қатар боксшы сипаттамаға Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы парақшасын атап өтіп, #EURO2024 хэштегін қосқан.

Геолокацияға қарағанда, ол ағасымен бірге әлі Нью-Йоркте. Бірақ 10 қыркүйек күні сағат 19.00-де өтетін 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Ирландия құрамалары арасындағы матчқа бармақ.

zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале