30.11.2020, 21:12
Оқылды: 97

Украинада «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

«Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Киев қаласында (Украина) «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйін салтанатты түрде ашты.

аб

Іс-шараға ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Калетаев, «Отандастар қоры» КеАҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Украинадағы қазақ қауымының өкілдері және т.б. қатысты.

Іс-шара аясында «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, Украинадағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. «Отандастар қоры» КеАҚ «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйлері бұған дейін Омбы (Ресей), Ташкент (Өзбекстан), Стамбул (Түркия) және Германия (Берлин) қалаларында ашылды.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале