14.06.2023, 17:00
Оқылды: 89

Ұландық жауынгер жүлдегер атанды

7-11 маусым күндері Астанада самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті.

PHOTO-2023-06-14-16-39-32

Әлемнің 27 елінен 600-ге жуық спортшы жиналған жарыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Еламан Қойшыбаев жүлделі ІІ орын иеленіп, күміс алқа тақты.

88 келі салмақта бақ сынасқан балуан байрақты бәсекеде ел намысын қолдан бермеді. Жалпы саны 200-ден аса спортшы өнер көрсеткен отандық құрама аталмыш жарыста 20-дан астам жүлделі орынға ие болса, оның 8-і алтын.

Айта кетейік, аталмыш чемпионатта ересектер, жеткіншектер, сонымен қатар көру қабілеті төмен самбошылар өзара бақ сынасқан болатын.

 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале