1.03.2024, 20:00
Оқылды: 28

Ұландықтар Алғыс айту күнінде қарттар үйіне барды

Бүгін Орал қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлім қызметкерлері 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қарттар үйінде» мерекелік концерт ұйымдастырды.

IMG-20240301-WA0060

Қарттар үйінде өткізілген іс-шара барысында әскерилер қазыналы қарттарды алғыс айту күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

IMG-20240301-WA0059

Өткізілген іс-шара әскери оркестрдің көңілді әуендері мен өз жалғасын тауып, қариялардың көңілін бір сергітіп тастады. Сонымен қатар аталмыш іс-шара аясында қарттар бір-бірін биге шақырып, көңіл күйлерін көтерді.

                                               ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале