21.05.2024, 23:05
Оқылды: 28

Ұландықтар мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Елімізде әрбір мамандық иелерінің өздерінің кәсіби мерекесі бар. Ал бүгін 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтуде. Осы орайда Орал қаласындағы Алтын орда мәдениет үйінде мерекелік концерт өтті.

IMG-20240521-WA0094

Аталмыш концерт барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының басшысы полковник Жандос Құлбаев мәдениет саласының қызметкерлеріне өзінің ыстық ықыласын білдірді.

IMG-20240521-WA0097

- Сіздерді бүгін келіп жеткен 21-мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күні мен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандардың яғни сіздердің мерекелеріңіз. Осы киелі жолда жүріп өңірді ел-жұртқа танытып, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта берулеріңізге тілектеспін - деді.

IMG-20240521-WA0098

Сөз сонында полковник Жандос Жамалұлы, Жастар мәдениет үйінің директоры Медет Рысқалиұлына «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бекайдар Қазкеев атынан арнайы алғысхат пен бағалы сыйлықтарды табыстады.

IMG-20240521-WA0096

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале