20.03.2024, 21:00
Оқылды: 33

Ұландықтар Наурыз мейрамын тойлауда

Көктемнің көзі көрініп, күн шығып бастаған шақта халқымыздың тойлайтын Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы келеді. Бұл мерекені еліміздің әрбір аймағымен қатар әрбір отбасы ерекше тойлайды. Сол секілді бүгінде еліміздің айбыны болған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде де ерекше аталып өтуде.

1

Атап айтар болсақ, бұл мерекені отан алдындағы борышын өтеп жүріп, отбасынан жырақта қарсы алатын жас сарбаздар өте көп. Елінің тыныштығы мен халқының амандығы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан жас сарбаздарымыз үшін бүгінде наурыз мерекесі ерекше аталып өтуде.

InShot_20240320_224648590

16 наурыз күні әскери бөлімнің әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Наурызнама» онкүндік жоспарына сәйкес жас сарбаздарға көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күніне орай тәттілер мен бауырсақтар таратылды. Үйінен жырақта жүріп, анасының бауырсақтарын сағынған сарбаздар үшін бұл ерекше сыйлық болды десек те артық етпес. Сонымен қатар сарбаздарды құттықтау барысында әсем әуендер шырқалып сарбаздардың көңілін көтерді.

ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале