5.04.2024, 18:00
Оқылды: 46

Ұландықтар тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгерді еске алды

Оралда орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде осыдан 29 жыл бұрын, 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасының ішкі әскерінің 17 жауынгерін құрметпен еске алды.

WhatsApp Image 2024-04-05 at 17.11.20

Жыл сайын осы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының барлық әскери бөлімінде, қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне аза тұту митингілері өтеді. Бүгінгі өткізген шараға Тәжік-Ауған қақтығысына қатысушылар, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ардагерлері, өңірлік қолбасшылықтың офицерлері мен сержанттары және 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты.

WhatsApp Image 2024-04-05 at 17.11.20 (1)

Шарада «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Нариман Акбаров, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы подполковнигі Бақытжан Бердиев, «Тәжік-ауған ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлишер Ашурматов сөз сөйледі.

Шара барасында ерлікпен қаза болған 17 жауынгерді 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, ішкі әскердің 17 жауынгеріне арнайы тұрғызылған ескерткіш жанына гүл шоқтарын қойып тағзым етті.

 

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале