23.04.2026, 12:45
Оқылды: 8

Ұландықтар Ұлттық кітап күнін атап өтті

Орал қаласындағы әскери бөлімде Ұлттық кітап күні ерекше форматта аталып өтті. Бұл күні Ұлттық ұлан сарбаздары бөлім аумағындағы кітапханаға жиналып, өздерінің қызығушылығына сай кітаптармен танысты.

e403a463-a9ba-4962-9e83-e36fe93b3a9f

Іс-шара барысында сарбаздар түрлі жанрдағы әдебиеттерді қарап, ұнаған шығармаларын оқыды. Кейбірі кітапқа деген қызығушылығы артып, таңдаған кітаптарын оқу үшін жаздырып алды.

Алдымен бөлім кітапханашысы сарбаздарға Ұлттық кітап күнінің маңызы туралы ақпарат беріп, кітап оқудың пайдасын түсіндірді. Бұл өз кезегінде жас сарбаздардың кітапқа деген ынтасын арттыра түсті.

Айта кету керек, әскери бөлім кітапханасының қоры өте бай. Мұнда көркем әдебиет, тарихи еңбектер, әскери-патриоттық шығармалар, ғылыми-танымдық кітаптар, сондай-ақ газет-журналдар кеңінен ұсынылған.

22be091e-4d64-46ff-8622-256e8567442f

Кітапхана сарбаздардың бос уақытында және демалыс күндері келіп, рухани дамуына мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале