8.12.2023, 15:30
Оқылды: 89

Ұландықтарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Оралда орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің клубында, әскери полицияның ұйымдастыруымен бөлімнің әскери қызметшілеріне жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

IMG-20231208-WA0072

Кездесуге Орал қалалық полиция басқармасының батальон командирінің кадр жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Сабит Ғабитұлы қатысты.

IMG-20231208-WA0071

Шара барысында әскерилерге жол ережелері, жол қозғалысы кезінде құқық бұзушылыққа алып келетін әр түрлі себептердің алдын алу туралы айтылды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасын байқап қалған жағдайда көрсетілетін бірінші медициналық көмек пен бірінші кезектегі іс-қимылдар тәртібі түсіндірілді. Кездесу барысында әскери қызметшілерге жол жүру ережелерін бұзып, көлікті мас күйінде басқарып апатқа ұшыраған жол-көлік оқиғалары туралы видеоролик көрсетілді.
Кездесу барысында әскери қызметшілер жолда жүру ережелері туралы көптеген сұрақ қойып, сауалдарына жауап алды.
Кездесу соңында бөлім командирінің техника және қару жарақ жөніндегі орынбасары, майор Григорий Метельский әскери қызметшілерге жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың қаншалықты маңызды екені айтты.

Сонымен қатар патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне әскери бөлім жеке құрамымен кездесіп, пайдалы ақпаратты бөліскендері үшін алғысын білдірді.

Әубәкір Ертуған,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале