18.10.2023, 15:15
Оқылды: 43

 Ұлт кеңесінің мүшесі

Садық Аюкеұлы Аманжолов белгілі Алаш қайраткері 1885 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық ауылында туған.

жп дала

Алғашында Верныйдың ұлдар гимназиясында білім алған Садық, кейін, Қазан қаласындағы императорлық университеттің заң факультетіне оқуға түседі.

Университетті бітірген соң елге келіп Аягөзде, Үржарда заң орындарында қызмет атқарады. 1917 жылғы ақпан революциясынан соң бірден Алаш қозғалысына араласты. Сол жылы көктемде Үржар уезінде қазақ комитетінің төрағасы болады.

1917 жылғы 21-26 шілде күндері Орынборда өткен бірінші қазақ сиезіне С. Аманжоловта қатысады. Сол сиезде Жетісу қазақтары атынан Бүкілресейлік сиезге депутат болып сайланады.

С. Аманжолов Жетісу өңірінде Алаш ұйымдарының құрылуы мен оның қызметінің тыңғылықты жүруіне бір адамдай тер төкті. Сондай-ақ өлкеде Алаш жасақтарын құру ісінде де белсенділік көрсетеді.

С. Аманжолов Екінші жалпы қазақ сиезінде Ұлт кеңесінің мүшесі болып сайланады. Ол Алаш идеясы үшін күресте Кеңес әскерлерімен болған шайқаста ауыр жарақатта алады.

Кейінгі 1917 жылғы қазан төңкерісінен соң билікке келген большевиктердің алашордашыларды таратқаны белгілі, осы тұста алғашында Мәскеуде бой тасалаған С. Аманжолов, кейін Қырғызстанға кетіп, одан Ташкентке келіп түрлі мекемелерде заң қызметкері болып жұмыс атқарады.

С. Аманжолов өзінің 56 жыл ғұмырында Алаш идеясы мен қазақ еркіндігі үшін күрескен тұлғалардың бірі. Оның қазақ халқы, ұлттық мемлекет – Алаш Орда үкіметі үшін бір кісідей үлес қосып, еңбек еткенін бүгінгі ұрпақ білуі керек.

 

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале