23.03.2020, 18:51
Оқылды: 153

Ұлтты ұйыстыру маңызды

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеуін жариялады.

AAA7218C-25C2-4DC5-9A9E-FD3D81553122

Елбасы алдымен елге қауіп төндіріп тұрған коронавирус дерті жайлы сөз қозғады. «Біз қазір «дүлей дауыл» деп сипаттауға болатын үлкен қауіп-қатер алдында тұрмыз» деген Елбасы бүкіл әлемде орын алып жатқан өзгерістер бізді айналып өтпейтінін ескертті.

Шынымен де осыдан отыз жыл бұрын алғаш Тәуелсіздік алған 90-шы жылдардағы ел ішіндегі ахуал қайталанып жатқандай сезіледі. Ол кезде де тауардың тапшылығына, жұмыссыздыққа, ешбір қиындыққа қарамастан еліміз еңсесін түсірмей, алға қарай ұмтылған болатын. Дәл қазіргі уақытта да бізге сол кездегідей бірлік пен береке қажет.

Қазір шүкір, жаһандық технология дамыған, ақпараттың заманы. Ел болып біріксек, қазақ халқы алмайтын қамал жоқ деп білемін.

Үндеуде «Мен ұлтты ұйыстырудың, бірлік пен қоғамдағы келісімнің маңыздылығын үнемі айтып келемін. Тұтастығымызды тағы бір рет дәлелдейтін күн туды. Еліміздің барлық азаматтарын төзімділік танытуға, мемлекет қабылдап жатқан шараларды қолдауға шақырамын. Бірлік барда алынбайтын асу жоқ» деген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

Қазақ қашанда, қандай жағдай болмасын елдің іргесін сөкпей, ұлтының ауызбіршілігін сақтап қалған ел. Солай бола береді де.

Нұрзия Сисенбаева

ардагер журналист

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале