19.03.2021, 21:25
Оқылды: 367

Ұлттық спорт ұлықталды

Наурыз мейрамы қарсаңында мүмкіндіктері шектеулі жандар арасында Игі істер күніне орай ұлттық спорт түрлерінен Орал қаласының ашық чемпионаты өтті.

212CF8F0-14A4-4462-A2F8-6F9D6F2A99CD

Жарысқа қатысушылар садақ ату, тоғызқұмалақ, асық ату, үстел теннисі, қол күресі, сурдолимпиадалық спорт түрінен бақтарын сынады.

Облыстық  спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров пен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, түрлі қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып жүрген спортшыларды арнайы алғысхаттармен марапаттады. Садақ атудан Арман Ғабдушев, тоғызқұмалақтан Ноян Мұратов, үстел теннисінен Нұралы Жақаналиев, асық атудан Азат Латип, сурдлимпиадалық спорт бойынша ерлерден Орхан Кәрімов, қыздар арасында Анастасия Тимошенкова қарсыластарынан оқ бойы озық болып, бірінші орынды қанжығаларына байлады.

Жарыс соңында барлық жеңімпаз спортшылар қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен, медальдармен және сыйлықтарымен марапатталды.

Ләззат Ғиниятқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале