23.06.2026, 19:00
Оқылды: 151

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мемлекеттік наградалармен марапатталды

ҚР Ішкі істер министрлігінде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, оның аясында Ұлттық ұланның үздік әскери қызметшілері марапатталды.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.48.32 (1)

Фото: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Ведомство басшысы, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты сақтаудағы қажырлы еңбектерін жоғары бағалады. Құттықтау сөзінен кейін жауынгерлік әзірлікті сақтауға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етілді.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.48.32 (2)

Атап айтқанда, жоғары жетістіктері үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Бақыт Алазов Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Сонымен қатар түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерінің алдын алған №5517 әскери бөлімінің аға маманы, ефрейтор Аманай Бақтығали «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ие болды.

Бұл марапаттар әскери қызметшілердің антқа адалдығы мен ел игілігі жолындағы жоғары кәсібилігінің айқын дәлелі болды.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале