9.11.2023, 13:00
Оқылды: 86

Ұлттық ұлан: үздіктер анықталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің офицерлері мен сержанттары арасында 6-8 қараша күндері «Үздік батальон командирі», «Үздік батальон штаб бастығы», «Үздік батальон командирінің орынбасары», «Үздік взвод сержанты», «Үздік бөлімше командирі» байқауының екінші кезеңі өтті.

кнб (1)

Байқауға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал гарнизондарының әскери бөлімдерінен байқаудың бірінші кезеңінен жеңімпаз атанып келген он сегіз әскери қызметші қатысты.

кнб (2)

Сайысқа қатысушылар дене даярлығы, саптық және мемлекеттік - құқықтық дайындық, әскери топография, тактика және атыс өнер дайындығы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарын дұрыс пайдалану және жалпы әскери жарғы бойынша сынақ тапсырды. Үздік әскери қызметшілер тапсырылған сынақтың нәтижесі бойынша анықталды.

Қорытындысында төмендегі әскери қызметшілер өз лауазымдарының үздіктері атанды.

кнб (4)

5517 әскери бөлімінің майоры Дәурен Рахимбеков «Үздік батальон командирі», Ақтау қаласынан келген 6656 әскери бөлімінің майоры Жасұлан Көрпешов «Үздік батальон штаб бастығы», Ақтөбеден келген 6655 әскери бөлімінің капитаны Шыңғысхан Валиев «Үздік батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары», 5517 әскери бөлімінің сержанты Сәкен Төлеев «Үздік взвод сержанты», Жаңаөзен қаласынан келген 5548 әскери бөлімінің 3 класс сержанты Марат Өмірзаков «Үздік бөлімше командирі» номинациясының жеңімпазы атанды.

кнб (3)

Сайыс соңында жеңімпаз бен жүлдегерлер дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

кнб (6)

Айта кетейік әр аталым бойынша үздік деп танылған әскери қызметші осы жылдың желтоқсан айында Астанада өтетін байқаудың қорытынды кезеңінде бақтарын сынайды.

кнб (5)

 

Ертуған Әубакир,

Капитан

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале