4.01.2024, 15:30
Оқылды: 75

Ұлттық ұланда жаңа оқу кезеңі басталды

Бүгін ел қауіпсіздігінің қалқаны болған Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2024 жылғы қысқы оқу кезеңіне арналған шара өтті.

WhatsApp Image 2024-01-04 at 12.47.24

Іс-шара әскери бөлімнің саптық алаңында арнайы шерумен басталды. Шара барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Бекайдар Қазкеев сөз алып, жеке құрамды жаңа оқу жылымен құттықтап, алдағы жауынгерлік қызметтеріне табыс тіледі.

Оқу кезеңі барысында әскери қызметшілер мен мемлекеттік құқықтық даярлық сабағы жүргізілді. Арнайы жоспарланған сабақты Бекайдар Маратұлы өткізді.

WhatsApp Image 2024-01-04 at 12.47.23

Өткізілген мемлекеттік құқықтық дайындық сабағынан кейін ұландықтармен саптық алаңда әскери техниканы, қару-жарақты, әскери мүліктерді дұрыс қолдану, белгіленген заңдарды сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету, жауынгерлік қызметті атқару кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық сабақтар өткізілді.

Айта кетер жайт қаңтар айында басталған бұл оқу кезеңі ұландықтар үшін мамыр айына дейін жалғасады.

ҚР ҰҰ «Батыс»

Өңірлік қосбашылығының

 баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале