19.12.2023, 15:45
Оқылды: 129

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымына полковник Бекайдар Қазкеев тағайындалды.

038ea60c-7562-436a-adee-11af5eada797

Жаңадан тағайындалған қолбасшыны жеке құраммен онлайн режимде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірінің орынбасы - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақанов таныстырды.

Қазкеев Маратұлы аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы қызметін атқарған.

Ішкі істер министірінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, жаңа лауазымға тағайындалған полковник Бекайдар Маратұлының қызметіне толағай табыс тіледі.

Осыған дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметін атқарған генерал-майор Арман Жұмағалиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

 

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале