9.09.2022, 9:30
Оқылды: 97

Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 96 жасында дүниеден өтті

Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.

220908185107483e

Британдық СІМ бұл оқиға туралы II Елизавета ресми Мемлекет басшысы болған 15 елдің үкіметіне, сондай-ақ Ұлттар достастығына мүше 38 елдің басшылығына хабарлады.

Патшайымның қайтыс болғаны туралы хабарланғаннан кейін Лондонның орталығындағы барлық үкіметтік ғимараттардағы мемлекеттік ту түсірілді.

Бұған дейін монарх Балморалда медициналық бақылауда болғандығы туралы хабарланған еді.

Патшайымның ұлы ханзада Чарльз және басқа да отбасы мүшелері Шотландиядағы резиденциясына келіп, онымен бірге болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале